Оларды халифат деп мойындауға еш негіз жоқ

Сенбі, 02.04.2022

Бүкіл мұсылмандардың басын біріктіріп тұрған жəне талайға пана болған Осман халифаты құлап, біршама уақыт өткеннен кейін мұсылмандар жеке-жеке, топ болып бөліне бастады. «Халифат құрамыз» деген ниетпен əр түрлі идеологиялар мен ұйымдар құрыла бастады. Мысырда «Мұсылман Бауырлар» тобы құрылды. Үндістанда «Таблиғи жамағаты» мен «Жамаъатисламия» құрылды. Түркияда «Жамаъат нұр» тобы пайда болды.

Бертін келе халифатты қайта жаңғыртамын деген ұранмен «Хизбуттахрир» қозғалысы бас көтерді. Осындай топтардың барлығы Осман халифаты дəуіріндегідей мұсылмандарды біріктіру, бір тудың астында жинау идеологиясын көздегенімен, көптеген мұсылмандардың көзқарасына қайшы келіп, олардың қолдауына ие бола алмады.

Мəселен, «Хизбуттахрир» қозғалысы халифат құрып бүкіл мұсылмандарды біріктіруді көздесе, екіншісі, мұсылмандардың əлсіреуін, олардың ислам дінінен алшақтағанын алға тартып, уағыз наси хаттап, мұсылмандардың сауатын ашу үшін дінді жаю мақсатын көздеген «Таблиғи жамағаты» мен «Жамаъат нұр» топтары шықты.

Осылайша, жылдар өтіп мұсылмандардың арасында бөлінушіліктер белең алды. Бұл ретте халифат құрамын немесе исламды насихаттаймын деген мұсылмандардың көзқарастарына бостандық, əділдік, тура үкім шығару жəне т.б. саяси идеологиялар араласа бастады. Уақыт өте келе саяси бағыттағы мұндай идеологиялар солтүстігі Түркиядан бастап, оңтүстігі Орталық Африкаға тарады. Батысы Марокко болса, шығысы Азия елдеріне дейін жетті.

Бүгінде саяси бағыты осындай идеологияның жетегінде кеткен мұсылмандар қатары өсіп келе жатыр. Олардың қазіргі басты жұмысы өздерінің идеологияларын үйден шықпай-ақ, ғаламтор беттерінде жариялау істерін қолға алу. Бұл олар үшін бір жағынан уақыт үнемдейді, екінші жағынан əрі қажырлы еңбекті қажет етпейтін заманауи қолайлы жұмысқа айналды.

Халифат құруға байланысты Бүкілəлемдік мұсылман ғұламалар одағының өзіндік (03.07.2021 жылы) қабылданған шешімі мен ұстанымы бар. Бұл шешімнің мазмұнында халифат құру жайлы былай делінген:

«Біз Мұхамед (с.ғ.с.) пайғамбар салған жолмен құрылғанХалифат жолы қайта келуін қалаймыз. Себебі, бұл жайында Имам Ахмедтен келген Хузейфа риуаят еткен хадисте пайғамбардың (с.ғ.с.) өзі былай деп кеткен: «Менен кейін мұсылмандарда шынайы Халифат болады. Онда мұсылмандардың дəрежесі көтеріледі, күш қуаты өздеріне қайтады, бүткіл билік мұсылмандарда болады».

Біріншіден, бұл хадистің дұрыс жеткеніне барлық ғалымдар бір ауыздан келіскен. Екіншіден, аталмыш хадисте Алла Тағала немесе пайғамбар (с.ғ.с.) халифат құруда біздерге ешбір міндет жүктеп отырған жоқтығын аңғаруға болады. Бұл халифат Алланың қалауымен келетін күн туады. Сондықтан, қазіргі халифат аңсап жүрген мұсылмандар олардың бойларына ешбір міндет жүктелмейтінін аңғару керек жəне өз өздерін алдауды тоқтату керек»

Халифаттың өзіндік құрылу шарттары бар. Оларға біршама тоқталып кетелік:

1. Халифат құрылған жерде бүкіл жер бетіндегі мұсылмандардың көзқарасы бір жерден шығып, бірауыздан əлгі жерге жиналу керек жəне барлық мұсылмандар осы халифат үшін жан-тəнімен қызмет қылуы керек. Ал, қазіргі «ДАИШ» секілді ұйымдар халифат атауына мүлде лайықты емес. Себебі, олар ислам əлемінің көзқарасына қарсы жəне ешкімнің қолдауына ие болған емес.

2. Мұсылмандардың басын біріктіретін Халифа (басшы) таңдауы барлық ер- лер мен əйелдер қатарынан болған мұсылмандардың ортақ кеңесуі арқылы жүзеге асады. Себебі, Осман ибн Аффан (р.а.) осындай жолмен сайланған еді. Ал, ешбір мұсылмандардың қолдауынсыз сайланған «ДАИШ»-тің басшысы Əбу Бакр Бағдади секілділерге Осман ибн Аффан (р.а.) өз заманында былай деп кеткен: «Қандай да бір кісі ортақ кеңессіз таққа тағайындалатын болса жəне сол кісіге серт беретін адам болса, онда сол екеуінің де соңынан ешкім еруге болмайды».

Ал, біз қазіргі өзін халифат санайтын Əбу Бакр Бағдадидің кім екенін білмейміз. Оның негізгі мақсаты не жəне ол таққа қалай келгенін де білмейміз. Біз дің бір білетініміз Əбу Бакр Бағдади мұсылмандардың халифаты емес, бəлки өзінің соңынан еріп жүрген соқырлардың ғана халифаты.

3. Халифа таңдау тыныштықта, бейбіт заманда жүзеге асатын дүние. Ал, бүгінгі ғаламторда жүрген халифатшылардың əрекеті бүліктен басқа ешқандай шариғи нормаларға сай келіп жатқан жоқ. Олардың бар жұмысы адам өлтіру, соғыс ашу жəне бүлік отын жағу ғана. Ондағы халық тыныштықта емес, керісінше қорқынышта, үрейде өмір сүріп жатыр. Əнас ибн Мəлик өз сөзінде былай дейді: «Қорқынышқа, үрейде айтылған талақ некені бұзбайтыны сияқты қорқынышта серт беру, ол серт бергенге саналмайды». Ал, бізге мəлім болғандай, «ДАИШ» содырлары өз қа тарын көбейту үшін Сирия халқын қорқыту арқылы өздеріне серт бергізіп жатыр.

4. Халифаттың негізгі мақсаты халыққа тыныштық, үрейсіз өмір сыйлау, оларға рақымшылықпен, мейірімділікпен қарау болып табылады. Ал, біз бүгін «ДАИШ» содырларынан мейірімсіз, адам өлтіргеннен басқа əрекетті көрмейміз.

5. Халифат тек пайғамбардың (с.ғ.с.) жолымен ғана орнайды. Бұл дегеніміз ондағы барлық амалдар, шешімдер мен үкімдер тек пайғамбар сүннетіне сəйкес келуі керек деген сөз. Бұл жайында Имам Бағауи өзінің «Шархсунна» деген кітабында былай дейді: «Халифат құру дегеніміз оны пайғамбар (с.ғ.с.) жолына сəйкес амалдармен көрсете білу деген. Егер де онда қандай да бір əрекет пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетіне сəйкес келмесе,онда ол тек атымен ғана Халифат болып қалады».

Осы аталған шарттарға сүйенсек, қазіргі таңда шариғат біздерге халифат құру амалдарын жүктемейтінін аңғаруға болады. Яғни, біз мұсылмандар үшін қазір ешбір халифаттың жүзеге асуы шарт емес. Сондықтан, менің айтарым, бүгінде мұсылмандардың мойынынан халифат құру деген ниеті түсетін болса, онда ол ислам дініне жəне мұсылмандардың өміріне ешбір нұқсан келтіретін дүние емес. Ал, егер біздің мойнымыздан əділдік, бірігіп кеңесу, шариғи үкім шығаруда бірігу секілді амалдардың бірі түсетін болса, онда ол бізді құрдымға əкеледі.

Исламда қылыштың күшімен халифат орнамайды жəне мұндай жағдайда орнаған халифат мұсылмандардың құтын қашырады. Өкінішке қарай, бүгінде осындай халифатты аңсаған соқырлардың кесірін бүткіл мұсылмандар көріп отыр. Сондықтан, ешбір шариғи қағидаға сай келмейтін бүгінге «ДАИШ» ұйымын Халифат деп мойындауға негіз жоқ.

Ахмед РАЙСУНИ,

Бүкілəлемдік мұсылман ғұламалар

одағының мүшесі əрі бас хатшы орынбасары

Оқылды 303 рет
JoomShaper
Top