Ақтөбе әкімі А.Қуанышбаевқа алғыс айтты

Бейсенбі, 31.03.2022

Астана. 31 наурыз. E-ISLAM – Дін насихатымен Ақтөбе өңіріне сапармен барған белгілі исламтанушы Арман Қуанышбаевқа өңір жұртшылығымен қатар, облыс басшылығы да өз ризашылықтарын білдірді.

Орталық спорт кешені ғимаратында ұйымдастырылған шараға арнайы ат басын бұрған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев дін ғалымына аймақтың әрі еліміздің дін ахуалын көтеруге үлес қосып жүргені үшін ізгі тілегін айтып, арнайы алғыс хат табыстады.

«Өңірімізге арнайы келіп, біраз іс-шаралар өткізгені үшін Арман Қуанышбаевқа үлкен рахмет айтамыз. Тағы да қайталап айтатыным, құрметті жерлестер, ағайындар, біз бір-бірімізді әрдайым қолдап, бірлікте, ынтымақта болсақ, жаман болмаймыз. Кешегі Наурызда, одан да өзге ұлтты ұйыстыратын атаулы күндері қалай біріксек,  әр уақытта солай ынтымақта болуымыз керек. Сондықтан, Арман, елдің руханиятын көтеруге, ислам дінін насихаттауға үлес қосып жүргенің үшін саған үлкен рахмет. Жұмысыңа табыс тілейміз. Осылай елді аралап, дінімізді дұрыс жеткізу жолында жүрсең, нәтижесі де жақсы болады» деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. 

Оқылды 506 рет
JoomShaper
Top