Германия ІІМ: ДАИШ лаңкестері туралы құжаттар жалған емес

Сенбі, 12.03.2022

Астана. 12 наурыз. E-ISLAM – Германия Ішкі істер министрінің мәлімдеуінше, ДАИШ террористік ұйымы туралы арнайы қызмет құзырына түскен құжаттар лаңкестерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға және келешекте ұйымға адам бопсалау әрекеттерінің алдын алуға ықпал етеді.

«Ұлыбритания арнайы қызметі қолға түсірген ДАИШ ұйымы қатарындағы 22 мыңнан аса лаңкестің жеке деректері туралы құжат жалған емес, түпнұсқа болуы әбден мүмкін» деп санайды министр Томас де Мезьер.

Аталған құпия құжаттар алғашында британ және неміс журналистерінің қолына түскен. Құжаттардың басым бөлігін кем дегенде 40 мемлекеттен келген бірнеше мыңдаған содырлардың жеке анкеталары құрайды. Онда әрбір азаматтың жеке бас деректері, мекенжайы, телефон нөмірлері жазылған.

Sky News телеарнасының хабарлауынша, лаңкестердің құпия құжатында 22 мың азаматтың аты-жөндері, тұрғылықты мекенжайы, өздерінің және туған-туыстарының байланыс телефондары бар.

Еске сала кетсек, қаңтар айында Zaman Al-Wasl сириялық тәуелсіз веб-порталы өз базаларында ДАИШ ұйымы қатарындағы 2 мың азаматтың өмірбаяны, азаматтығы мен мекенжай деректері жазылған анкета бар екендігін хабарлады. 

Оқылды 80 рет
JoomShaper