Ақыт қажы жайында жаңа сайт ашылды

Жұма, 11.03.2022

Астана. 11 наурыз. E-ISLAM – Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қазақ руханиятында өзіндік орыны бар тұлға, азулы ақын, діни қайраткер, халық ағартушысы Ақыт қажы Үлімжіұлы жайында Қытай еліндегі қандастарымыз жаңа сайт ашты.

Аhitalemi.com деп аталатын жаңа сайт «Өмірбаяны», «Өлеңдер», «Деректі фильм», «Толғаулар», «Қиссалар», «Қазынамалар», «Романдар мен дастандар», «Өлеңдер мен жырлар», «Дыбысты өлеңдер», «Түсініктеме» сынды айдарлардан құрам тапқан. Онда қайраткер ақынның өмірі, шығармашылы және ақыттану ғылымының жетістіктері мен ғұлама жайлы телехабарлар, деректі фильмдер қамтылған.

Бүгінге дейін басылған Ақыт Үлімжіұлының төрт томдық шығармалар жинағындағы бір қатар өлеңдердің аудио нұсқасын жасап, ғұламаның мұраларын тірі дауыспен сөйлетуі саттың жаңалығы деп айтуға болады.

Жаңадан ашылған сайт 2018 жылы әйгілі ғұламаның 150 жылдық мерейтойына арналған құнды жәдігерлерді оқырман қауымның назарына ұсынуды көздеп отыр.

Ең өкініштісі, Ақыт қажы Үлімжіұлы кеңес кезінде де Қазақстанда қазақ ақыны ретінде танылмады. Қазақстанда Ақыт есімі отандық оқырмандарға қазіргі кезге дейін етене таныс емес. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында Шы­ғыс Түркістанның Алтай айма­ғында өмір сүрген көрнекті ақын, ағартушы. Ақыт Садық Жебенұлынан және Бұхарадан келген ұстазы Орта Азия мәде­ниет орталықтарында кемелді білімі бар, сол кездегі дін мен ғы­лымды аса терең меңгерген Мах­­бубұлладан терең білім алып араб, парсы, шағатай, түрік тіл­дерін үйреніп, Құран және Ислам негіздерін меңгереді. 1890-1900 жылы Алтай мен Қобда ара­сындағы почта байланысына жұмысқа орналасып, қызмет та­лабымен моңғол, орыс тілдерін үйренеді. Кейін Ақыт би-төре­лердің хатшысы қызметінде жүр­генде билер алқасының – ел бас­қару ісімен терең танысып, дау-да­майларды шешу т.б. істерді үйренеді. Ақыт 18 жасынан кө­лемді шығармалар жазып, 1891-1910 жылдары “Тәржүмә-и”, “Ахуал-и хиямет”, “Әбият-Ғаһи­дия”, “Хисса-и Минахиб пиран Ғазиз-ан” т.б. еңбектерін орыс императоры Николай ІІ патша­ның тұсында Қазан, Санкт-Петербург, Орынбор қалаларын­да бастырды. 1898 жылы Н.Катанов Ресейде шығып тұрған “Деятель” журналында Ақытты “қазақ ақыны”- деп танып, оның “Жи­һан шаһ Тамуз шаһ угли” (Дозволено цензурою, Санкт-Пе­тер­бургъ, 30сентября, 1897 года. Казань. Типо-литографія Императорскаго Университета) кітабын Мұхаммед Нәжиб Әли Акбаров Ресейдің Қазан қаласында 5000 данамен бастырып шығарғанын хабарлайды.

Оқылды 75 рет
JoomShaper