Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысы өтті (ФОТО)

Бейсенбі, 25.06.2021

Алматыда Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында өткен Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.қатысты. Бұл туралы Muftyat.kz хабарлады.

Отырысқа комиссия төрағасы Қуаныш Сұлтанов қатысып: «Адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басқан өркениетті, ғылым мен тех­никаның дамыған заманында да адам саудасы мәселесі әлі күнге дейін жойылмай келеді. Бүгінде бүкіл әлем бойынша миллиондаған адам адам саудасы бойынша әртүрлі қысымдықтарға ұшырауда. Қазақстанда да бүгінде із-түзсіз жоғалған, ұрланған, құқығы шектелген сияқты фактілер кездесуде. Өкінішке қарай, олардың дені жас­тар және кәмелетке толмаған балалар» деді.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бұл мәселе төңірегінде ой білдіріп, басқосуға жиналғандарды, сала мамандарын, сарапшыларды ізгілікті, имандылықты, адамгершілікті насихаттауға барынша атсалысуға шақырды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша, бүгінде әлем бойынша 27 млн. адам құлдықта жүр екен.


Оқылды 410 рет

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Шілде 2015 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Аудио

JoomShaper