Салафизмді насихаттайтын кітаптарға тосқауыл қою жалғасуда

Сенбі, 27.06.2021

АСТАНА.  27 маусым. E-ISLAM –  «Бүгінде Мысыр уақф министрі Каир қаласының барлық мешіттерін аралап, ондағы діни кітаптардың мазмұнын тексеруді бастады» деп хабарлады «Уатан» газеті.

Тексеріс нәтижесінде, салафизмді насихаттайтын Мұхаммед инб Абдул Уаххаб, Ибн Баз, ибн Усаймин, ибн Таймия, Саид ибн Абдул Азиз және т.б. ғұламалардың жүздеген кітаптары тәркіленді. Сонымен қатар, осы бағыттағы  аудио таспалар мен CD дискілер де тәркіленді.

Айта кеткен жөн, осы уақытқа дейін тексеру барысында Александрия, Каир және Гиза қалаларында салафизмді насихаттайтын 7 000-ға жуық кітап, аудио таспалар қолға түсті. Алдағы уақытта мұның бәрі сараптамаға жіберілетін болады.

Оқылды 584 рет

E-islam газеті

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Шілде 2015 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Аудио

JoomShaper