Газадағы жүздеген отбасы баспаналы болады

Жұма, 26.06.2021

АСТАНА.  26 маусым. E-ISLAM – Түркия билігі 12,5 млн доллар қаражатты Газа секторындағы тұрғындарға баспана тұрғызуға жұмсамақ. Еске сала кетсек, бұл аймақта Израиль әскерінің қарулы шабуылынан мыңдаған отбасы үйсіз-күйсіз қалған болатын.

«Түркия дауысы» ақпарат көзі хабарлағандай, Түркия бүгінде Газа секторы билігімен жалпы көлемі 15 тұрғын үй кешенін салу туралы келісімге келді.

2014 жылдың шілде-тамыз айларында Израиль әскері жасаған шабуылдан Газа секторының 2 мыңнан аса тұрғыны ажал құшты, оның 600-ы сәбилер. 10 мыңнан аса адам жарақат алды. Мыңдаған отбасы баспанасыз қалды. Соңынан израильдік әскерилер өз қылмыстарын мойындады. Себебі, Израиль армиялық бұйрығында барлық нысандар атқылауға пәрмен етілген болып шықты. Ол нысандар қатарында БҰҰ мекемесі, мешіт, мектептер мен тұрғын үйлер бар. 

Оқылды 432 рет

E-islam газеті

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Шілде 2015 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Аудио

JoomShaper