Үкімет басшысы «жиһад» хабарламаларының интернет желісінде таралуына алаңдаушылық білдірді

Дүйсенбі, 29.06.2021

АСТАНА.  29 маусым. E-ISLAM – Бүгінгі қоғам экстремизм мен терроризмнің жолын кесуде белсенді әрекет етуі керек. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясының ашылуы рәсімінде мәлім етті.

К.Мәсімов Қазақстанның басқа елдер сияқты дін атын жамылған радикалды лаңкес топ әрекеттерін, экстремизмнің барлық формасы мен пайда болуын түбегейлі айыптайтынын жеткізді.

«Бұл бағытта біз БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ҰҚКҰ Қауіпсіздік кеңесі терроризмге қарсы құрылымы аясында белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен қатар, Қазақстанда терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қарсы жүйе құрып, әлемдік тәжірибеге сүйеніп ойластырылған заңды база қалыптасты, экстремизм мен терроризм жауапкершілігін жүктеу қамтамасыз етілді. Көптеген ел бұл проблеманы басынан өткеріп жатыр. Сондықтан да Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет пен қоғамның қалыптасуын ары қарай дамытатын 100 нақты қадамнан тұратын жаңа жоба ұсынды» - деді премьер-министр.

Үкімет басшысы әлемде болып жатқан оқиғалардың зорлықшыл экстремизмнің қатердің басты қайнары болғанын көрсетіп отырғанын айтты. Оның ойынша, бұл оқиғалар бұдан да тығыз интеграцияны қажет етеді.

«Адамдарды мұндай ұйымдарға тартудың негізгі тәсілі радикалдардың Интернетте белсенді болуы. Әлем оны идеологияны бұзуға, содырларды тартып, дайындауға, ақпарат алмасып, таратуға, қылмыстық істерді жоспарлауға пайдаланып отыр. Ойлап қараңыздар, террористердің Facebook пен WhatsApp-тағы жиһадшыларға қосылуы туралы жарияланымын бір күнде екі миллионнан аса адам қарайды. Қазақстанда мұндай материалдарға шектеу қойылған, дегенмен бұл бағытта біз бірігіп нәтижелі жұмыс істеуіміз керек. Сондықтан да экстремизм мен терроризмнің жолын кесуде азаматтық қоғам үлкен роль атқаруы керек» деді ол.

 

Еске сала кетсек, Орталық және Оңтүстік Азия елдеріндегі зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференция жұмысына әлемнің 24 елінен келген делегациялар, яғни ЕО мен Ресейдің және АҚШ-тың өкілетті органдарының өкілдері, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғамның, лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрес саласындағы жетекші сарапшылар қатысып отыр.

 

Оқылды 472 рет

E-islam газеті

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Шілде 2015 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Аудио

JoomShaper