«Қос бауырымды ИШИР-де жоғалтқым келмейді»

Сейсенбі, 30.06.2021

Кезінде содырлардың торына түсіп, бауырларымен бірге әскер қатарында болғандардың бірі – Ахмад ал-Мутайри.  Ол өзінің сұхбатында сонда қалған тағы бір бауырының аман-есен елге оралуын тілейді. 

ИШИР қатарынан қашқан Сауд Арабиясы азаматы Ахмад ал-Мутайри «аль-Хаят» газетіне былай деп сұхбат берді:

«Менің ИШИР ұйымынан қашқан себебім, бұл ұйым Ислам атын жамылғанын, дұрыс бағытта еместігін аңғардым. Себебі, ИШИР қатарында жүргенде әскер басшылары есірткі сатумен айналысқанын көрдім. Сонымен қатар, өз көңілдерін көтеру үшін түнгі клуб ашып алған. Бұдан бөлек, қыз-келіншектерді аяусыз қинап, бейкүнә мұсылмандарды азаптап өлтіргенін көрдім. Сондай-ақ, ИШИР содырлары әр адамды өлтірер алдында «калима шахадат» айтып өлтіреді. Осындай жантүршігерлік әрекеттерден кейін ИШИР-дің мақсаты да бағыты да теріс екенін түсіндім.

Біз үйде 3 ағайындымыз. Үшеуіміз де Алланың жолында қасиетті соғысқа шыққанбыз. ИШИР қатарына Шам еліндегі азап көріп жатқан мұсылмандарға қол ұшымызды береміз деген ниетпен қосылғанбыз. Біздің үлкен Фахд есімді ағамыз Сирияға барғаннан бір айдан кейін-ақ «Жабхат ән-Нусра» қатарында ажал құшты. Ал, мен өз еркіммен беріліп елге ИШИР қатарынан аман қашып құтылдым. Ендігі жерде ИШИР-дің қатарында бір бауырым жүр. Басымнан өткен бұл жайтты сол бауырым оқып өз райынан қайтып, ол да елге орала ма деген ниетте айтып отырмын. Себебі, оның артында Абдул Азиз деген кішкентай ұлы бар».

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы 

 

 

 

Оқылды 1188 рет

E-islam газеті

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Шілде 2015 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Аудио

JoomShaper