Ұлыбританияның мұсылман әскері алғаш рет ұмраға аттанбақ

Сенбі, 27.06.2021

АСТАНА.  27 маусым. E-ISLAM – Ұлыбритания әскерінде жүрген мұсылмандар алғаш рет мемлекеттің қолдауымен ұмра сапарына шықпақ.

Таяу Шығыстағы Ұлыбританияның ресми өкілі Эдуин Самуэл хабарлағандай, бұл бастама Сауд Арабиясының Әскери күштері тарапынан Қағбаны зиярат етуге байланысты ұсынысы негізінде қолға алынып отыр.

«Ұлыбритания әскері үшін бұл тосын сый болды. Себебі, бұған дейін ешкім әскерде борышын өтеп жүріп, ұмраға барған емес. Алайда, бұған дейінде екі ел арасындағы қатынастың жақсы болуына байланысты Ұлыбритания әскеріндегі мұсылмандар Сауд Арабиясында болып, яғни Құран Кәрім жарысына қатысып келген еді».

«Қазіргі таңда мұсылмандардың  Ұлыбритания әскерінде қызмет етуі біз үшін үлкен мәртебе. Себебі, олар қызмет барысында шынайы ықылас танытып, біздің әскердің бір бөлшегі болып қалыптасып үлгерді» дейді Эдуин Самуэл

Оқылды 428 рет

E-islam газеті

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Шілде 2015 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Аудио

JoomShaper