Сириядағы соғысқа адам тартушы экстремист ұсталды

Бейсенбі, 09.03.2022

Астана. 9 наурыз. E-ISLAM – Қырғызстанда «Джамаат Таухид ва Джихад» террористік ұйымына адам бопсалаушы лаңкес ұсталды.

Құқыққорғау органының хабарлауынша, лаңкес республика азаматтарын Сирия мен Ирактағы әскери қақтығыстарға жіберу жолдарын іске асырып келген. 1977 жылы туған күдікті Ош облысында жасырын террористік ұйым қызметтерін алдын алу операциясы кезінде қолға түскен. Күдіктіге қатысты «Ұлттық,  нәсілдік, діни және аймақтық араздықты қоздыруға бағытталған ұйымдасқан қызмет» және «жалшылық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Оқылды 609 рет
JoomShaper
Top