Сұлтан Сүлеймен туралы не білеміз?

Жұма, 24.02.2022

Шын мәнінде ол кинодағыдай қатынның айласынан аса алмай негізсіз шешімдер қабылдаған ба әлде шыныменде әр шешімін дінмен байланыстырып отырған ба? Оқып көріңіз...

Бір күні Сұлтан Сүлеймен өзінің сарайы Топ Капыда серуендеп жүргенде қызметшісі алдына келіп сарайдың іргетасын құмырсқалар кеміріп жатқанын және дереу бір шешім қабылдау керектігін жеткізеді.

Сұлтан Сүлеймен бұл мәселенің шешімін табу үшін біршама ойланып сол құмырсқалар шоғырланған жерге ыстық май құйып құмырсқаларды жою керек, деген ой түйіп өзінің қоластындағыларға солай бұйырады.

Сұлтан Сүлеймен біраз кідіріп бұл ойынан қайтады да, Ислам діні бұл туралы не дейтінін көрейік, деп жергілікті мүфтидің үйіне қызметшілерін алып өз аяғымен барады. Алайда, мүфти үйінде болмай шығады. Содан келесі күні Сұлтан Сүлеймен мүфтиге былай хат жазады:

«Егер мен өзімнің пайдам үшін қандай да бір Алланың жаратылысына зиян тигізсем болады ма?(

Мүфти оған: «Алланың қандай жаратылысы болмасын, оған зиян тигізгеннің ақыретте есебі бар», деп жауап қайтарады.

Мұндай жауапты естіген Сұлтан Сүлеймен мүфтидің бұл хатын өз жадына сақтап қойады да, дереу алғашқы ойынан қайтады.

Осылайша біршама уақыт өтіп Сұлтан Сүлеймен әскер басқарып жорыққа шығады. Бірақ сол жорықта ол Алланың қалауымен жан тапсырады. Жан тапсырар алдында жанындағы қызметшілеріне: «Менің жатын бөлмемде бір сандық бар, мені жер қойнауына тапсырар кезде сол сандықты менімен бірге жерлеңдер» деп бұйырады.

Патшаның мұндай күтпеген тапсырмасына таңырқаған қызметшілері күбірлеп «Сандықтың іші толған қазына болар, патша дүниеге беріліп оны өзімен алып кетпек пе?», деп даурығып қалады.

Патшаның денесін жерлеуге Стамбулға алып келеді. Оның соңғы тапсырмасын орындау мақсатында қызметшілері әлгі сандықты сарайдан алып шығады да жаназа орнына алып келеді. Сөйтіп, олар «Енді не болса да сандықты ашып көрелік» деп шешім қабылдайды. Сандықты ашса іші толған жазба қағаздар болып шығады. Бетінде патшаның мынандай өсиеті болады:

- "Мен Сұлтан Сүлеймен өз патшалығымда қандай да бір шешім болмасын оны жергілікті мүфтилермен ақылдаса отырып олардың берген пәтуәсіне қарап қабылдадым. Сондықтан Алланың алдына таза бару үшін мен осы пәтуалар жинағы өзіммен алып кетпекпін».

Мұны естіген мүфтилер қауымы абыр-дабыр болып: «Егер біз бір пәтуада қателескен болсақ не істейміз?» деп сасып жатты.

Осылайша Сұлтан Сүлеймен патшаның тақуалығы мен әділ басшы болғандығын жиналғандар тағы бір мойындайды.

Жалғас АСХАТҰЛЫ

Оқылды 905 рет
JoomShaper
Top