Террористер телефон байланысын тоқтатты

Сенбі, 11.03.2022

Астана. 11 наурыз. E-ISLAM – ДАИШ террористік ұйымы, оның ішінде Ауғанстан пен Пәкістандағы содырлар террористік актілер жасауға дайындық кезінде толығымен телефон байланысын үзеді.

Енді олар өз іс-әрекеттерін Telegram секілді мессенджер қосымшалары арқылы үйлестірмек. Пәкістан арнайы жасағы өкілдерінің айтуынша, бұл жағдай республикадағы радикалды топтардың іс-қимылдарын қадағалауға кедергі тудырады. Себебі, Telegram мессенджері арқылы жіберілген хабарлар белгілі бір уақытта автоматты түрде жойылып кетеді, бұл өз кезегінде хат-хабарларды бақылауға мүмкіндік бермейді. «Бүгінде террористік топтар телефон байланысынан түгелдей ажырады деуге болады» дейді Пәкістан күштік құрылымы.

Оқылды 263 рет
JoomShaper
Top