БҰҰ: адамдар аштық пен ауыр дерттен көз жұмуда

Сенбі, 11.03.2022

Астана. 11 наурыз. E-ISLAM – БҰҰ бүгінгі әлем 1945 жылдан кейінгі ең ауыр гуманитарлық дағдарысқа кезіккенін мәлімдеді.

БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Стивен О'Брайен Қауіпсіздік кеңесінің отырсында осылай деп дабыл қақты.

Ұйым мәліметінше, аштық азабынан өлім қаупі 20 миллионан аса адамға төніп тұр. Стивен О'Брайен қиын ахуал денсаулық сақтау саласында да етек жайғанын жеткізді.

«Ғаламның бірлескен және үйлестірілген күші болмайынша адамдар аштықтан аман қалмайды. Әртүрлі дертке шалдыққандарды да құтқара алмаймыз» деді Стивен О'Брайен.

Қазіргі уақытта ауыр ахуал Оңтүстік Судан, Сомали және Нигерияның солтүстік-шығыс аудандар жайлады. Одан да қорқынышты жағдай Йеменде қалыптасқан, мұнда ел тұрғындарының үштен екісі, шамамен 20 миллион адамға дәрі-дәрмек, медициналық көмек өте қажет, жеті миллионға жуық адам азық-түлікке зәру.

Оқылды 207 рет
JoomShaper
Top