ДАИШ-тың орнына жаңа террористік ұйым құрылуы мүмкін

Жұма, 03.03.2022

Астана. 3 наурыз. E-ISLAM – ДАИШ террористік ұйымының орнына жаңа террористік одақ құрылуы мүмкін. Бұл туралы Дамаскідегі Ресей елшісі Александр Кинщак мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

Ресей елшісінің айтуынша, «Джебхат ан-Нусра» терррористік тобы Сирияның бірнеше провинцияларында «жиһадшылардың» басын қосатын жаңа одақ жасақтауда. Ұйымның жаңа атауы да белгілі болды – «Левантаны азат ету ұйымы». «Ірі жиһадшылар одағын құру Хам және Идлиб провинцияларында қарқын алды. Бұл процеске «Джебхат ан-Нусра» содырлары басшылық етуде. Жаңа ұйымға Алеппо қаласын тастап шыққан лаңкестер бірігуде» дейді А.Кинщак.

Оқылды 229 рет
JoomShaper
Top