Жапонияда жаңа мешіт ашылды

Жұма, 03.03.2022

Астана. 3 наурыз. E-ISLAM – Жапония астанасы Токиода жаңа мешіт ашылды. Мәдениетаралық ислам орталығы деп аталатын ғибадатхана Хигаши-Готанда ауданындағы Шинагава Вард көшесінде орналасқан.

Айта кету керек, орталықты сырттан көшіп келген мұсылмандар емес, жергілікті жапондықтар, яғни Жапон мұсылмандары ассоциациясының өкілдері ашқан. Қазіргі уақытта ассоциацияға республика бойынша 500 адам мүше, ел астанасында шамамен 50 өкілі бар.

Орталықтың мақсаты – жергілікті жапондықтарға өз ана тілдерінде ислам құндылықтарын жеткізу, сондай-ақ мәдениетаралық қатынастар арқылы да насихат жұмыстарын күшейту.

Токиодағы жапон мұсылмандары өз мешіттеріне 50 жылдан соң қол жеткізді. 2003 жылы мешіт құрылысына қажетті қаражат жинау үшін халықаралық кампания құрылған. Құрылыс шығыны 2,3 миллион АҚШ долларын құрады.

Оқылды 257 рет
JoomShaper
Top