Сомалиді аштық жайлады

Дүйсенбі, 06.03.2022

Астана. 6 наурыз. E-ISLAM – Сомали республикасында екі тәулік ішінде 100-ден аса адам көз жұмды.

Олардың барлығы елдің оңтүстігін жайлаған құрғақшылық пен аштықтан құрбан болған. Бұл туралы Сомали премьер-министрі Хасан Әли Хайре мәлімдеді.

«Бұл мал өсіруші шаруаларға үлкен соққы. Адамдар аштыққа ұрынып, ауыр дертке шалдықты. 48 сағат ішінде Бай аймағында 110 адам қаза болды» дейді Әли Хайре.

Үкімет басшысының сөзінше, ел билігі адамдарды құтқару үшін бар мүмкіндікті пайдаланады. Ол республика азаматтарын әл үстіндегі жандарға көмектесуге шақырды.

Осыған байланысты Сомали билігі елде ұлттық апаттық жағдайды жариялады.

Оқылды 260 рет
JoomShaper
Top