Шіркеу мұсылмандарға ұсыныс тастады

Жұма, 03.03.2022

Астана. 3 наурыз. E-ISLAM – Австралияның Перт қаласындағы ағылшын шіркеуі жергілікті мұсылман қауымының мәселесіне бей-жай қарамады.

Перт қаласы мұсылмандары ғибадатханаларының болмауы себепті кез келген жерде құлшылық етуге мәжбүр болған. Осыдан соң христиан шіркеуі оларға қызықты ұсыныс тастады.

Қасиетті Пол шіркеуінің қызметкері Питер Хамфрис Файзел Чотхия есімді имаммен кездескеннен кейін мұсылмандарға жұма намазын оқуға өз ғибадатханаларынан орын беру қасиетті міндет деген шешімге келген. «Мен оларға осы жерде құлшылық етіңдер. Бұл сол мақсатқа арналған орын деп айттым» дейді Хамфрис ABC агенттігіне берген сұхбатында.

Осы кезден бері Пертаның оңтүстік ауданында тұратын мұсылмандар қасиетті Пол шіркеуінде жұма намазына жиылады. Ал имам Файзел Чотхия мешітке арналған жер учаскесін сатып алуға қажетті қаражатты жинау үстінде. Айта кетсек, жер учаскесін мұсылман қауымына осы шіркеу ұсынған. Шіркеу өкілдері мен имамдар арасындағы татулық күн өткен сайын нығая түсуде. «Питер мені таң қалдырып келеді. Ол өмірлік тәжірибесі мол ер азамат, менің өзге таныстарыма қарағанда терең ойлай алуымен ерекшеленеді» дейді имам Файзел.

Оқылды 547 рет
JoomShaper
Top