Әлеуметтік желіде экстремизмді насихаттаушылар сотталды

Жұма, 27.01.2022

Астана. 27 қаңтар. E-ISLAM – Атырау облысында республикада тыйым салынған діни бірлестік ұстанушыларына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы pricom.kz.хабарлады.

Үш ер азамат және бір әйел азаматша әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттағаны үшін сотты болды.

«Б.А., К.А., А.Э., М.А. есімді республка тұрғындары эксремистік діни ұйы қызметіне қатысқан, оның ішінде «әт-Такфир уәл-Хиджра» халықаралық экстремистік ұйымының насихатын жүргізгені белгілі болды. Бұл ұйымға елімізде заңмен тыйым салынған. Олар телекоммуникация желілері арқылы экстремистік мазмұндағы материалдарды жариялап келген» деп хабарлайды Атырау қаласы №2 сотының баспасөз қызметінен.

Сот шешімімен айыпталушылар Қазақстан Республикасы ҚК 256 б.2т, 405 б, 2 т.бойынша кінәлі деп танылды. Аталған баптарға сәйкес, кінәлі азаматтар 5 жылдан жалпы режимдегі түрмеде жазасын өтейтін болады.

Оқылды 280 рет
JoomShaper
Top