Голливуд жұлдызы Ердоғанмен кездесті

Сейсенбі, 31.01.2022

Астана. 31 қаңтар. E-ISLAM – Голливуд жұлдызы Линдси Лохан Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен оның жұбайы Эминемен кездесті.

Кино әртісі Түркияға сириялық босқындарға арналған лагерьде ерікті ретінде қызмет ету мақсатында келген. Түрік президентімен кездесуге сонымен қатар сириялық блогер-қыз Бана әл-Абед де қатысты.

«Арманым орындалды. Президент Ердоған мен оның жұбайы мені өздеріне қонаққа шақырды. Олардың сириялық босқындарға қамқорлығына ерекше тәнті болдым» дейді Л.Лохан.

Айта кетсек, бұған дейін БАҚ беттерінде Голливуд әртісі Линдси Лоханның ислам дінін қабылдағаны туралы әртүрлі ақпараттар тарап кетті. Онда әртісті орамалмен және Құран кітабын тұрған сәті түсірілген суреттер жарияланып, оның ислам діні мен Құран Кәрімге қызығушылығы артқаны туралы жазылды.

Оқылды 377 рет
JoomShaper
Top