Рамазан айының құрметіне «Шардара» орталық мешітінде балаларды ақысыз сүндеттеу «Қайырымдылық акциясы» өтті

Сейсенбі, 16.07.2021
Рамазан айының құрметіне «Шардара» орталық мешітінде балаларды ақысыз сүндеттеу «Қайырымдылық акциясы» өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты үндеуіне қолдау көрсетіп «Шардара» ауданы «Шардара»

ҚМДБ – ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты  үндеуіне қолдау көрсетіп «Шардара» ауданы «Шардара» орталық мешітінде дәстүрлі жалғасын тауып келе жатқан балаларды ақысыз сүндеттеу «Қайырымдылық акциясы» қасиетті Рамазан айының құрметіне биыл шілде айының 06 – шы жұлдызында «Шардара» аудандық орталық мешітінде елдің ризашылығына бөленген ақ халаты иманды абзал азамат, аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері, жоғарғы дәрежелі оташы Ерназаров Әзірет Ергешұлының қатысуымен өтті.

Салтымыздағы сүндеттеудің де өзегі пайғамбарымыздың сүннеті екені бесенеден белгілі. Бүгінде денсаулыққа орасан пайдасы бар бұл амалға әрбір ата ана дәстүр ретінде қарайтыны да жасырын емес.

Дәлел Әбу Хурайра  (р.а) жеткізген Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадисінде адам жаратылысының табиғи қажеттілігі ретінде мына бес нәрсе: сүндетке отыру, мұртты басу, қолтық пен ұятты жерді түктен таза ұстау, тырнақ қысқарту аталған. Ұл баланы сүндетке отырғызуды пайғамбарымыз (с.а.с)  бізге мирас етіп қалдырған. Тазалықтың адам өмірінде алатын орны мен мәні осыншалықты жоғары болғандықтан, оны іспеттеу әрі оған ұмтылу – мұсылманға тән сипат.

Ата – ананың перзент алдындағы міндеттерінің бірі уақыты жеткенде ұл баласын сүндетке отырғызу, және кәмелетке жеткенде үйлендіру. Ұл балаларды сүндетке отырғызу  Пайғамбар Ибраһим (а.с)  және Адамзаттың асыл тұлғасы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) сүннеті болып табылады. Ислам дінінде сүндеттелу өте үлкен мәнге ие. Өйткені, үмбеті ретінде пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) ісін қайталауға, яғни сүннет амалын жасауға жатады.

Қазіргі таңда медицинаның дамыған уақытында дәрігерлер тарапынан жалпы адам денсаулығы үшін пайдалы екендігі анықталған. Сүндеттеудің пайдасы мұсылман  ерлерге тұрмысқа шыққан қыз балалардың жыныстық ауруы болмағаны байқалған. Балаларды сүндетке отырғызу 7 күннен бастап 12 жасқа дейін балиғат жасына жеткенше істелуі мүмкін, ал 12 жастан ары қарай қалдыру дұрыс болмайды. Бала өзінің сүндет тойын білсін, деп сүндетке отырғызу көбінесе 7 – 12 жас аралығында істеледі.


Оқылды 3348 рет
JoomShaper
Top