Христиан ұстаз оқушыларға Құранды неге үйретіп келді? (ВИДЕО)

Сейсенбі, 08.11.2021

Астана. 8 қараша. E-ISLAM – Египеттің «Әл-Михвар» телеарнасының «90 минут» бағдарламасының кезекті қаһарманы Минья провинциясы Тахна ауылының қарт тұрғыны болды.

Діни сенімі христиандық қария өмір бойына мектепте мұғалімдік қызмет қылған. Ол осы уақыт аралығында балаларға Құран Кәрімді үйретіп келген.

Білікті педагогтың өзі Құран оқу ережелері (тәжуид) мен емлелерін жетік білген.  Оның оқушыларының басым көпшілігі кәсіби Құран оқитын қариларға айналған және Мысырдың Уақф және ислам істері министрлігінің қаулысымен қызметтерге жіберілген.

Ал оқушылар өз тәлімгерлерін қатты жақсы көрген. Ұстаздарын «Ияд ата» деп атайды екен. Қарт ұстаздың айтуынша, өзі талапты қатаң қойғанымен, оқушыларын жақсы көрген. Тіптен, олардың Құран сабақтарын жіті қадағалап, бес уақыт намаздарын қаза қылмай оқуға бұйырған.

Ияд Құран үйрету ісін христиан дінін ұстанатын әкесінен үйреніпті. Алайда, діни сенім оның ізгі істер жасауына еш кедергі келтірмейтінін атап айтты қарт ұстаз. 

Оқылды 438 рет
JoomShaper
Top