Turkish Airlines креативті ролик шығарды (ВИДЕО)

Сейсенбі, 08.11.2021

Астана. 8 қараша. E-ISLAM – Turkish Airlines түрік әуе компаниясы америкалық танымал режиссер Зак Кингтің қатысуымен креативті бейненұсқаулық әзірледі.

Әуе жолаушыларының қауіпсіздігіне арналған бейнеролик YouTube хостингінде бір аптаның ішінде 1,5 миллион көрсетілім жиған.

Комикс жанрындағы роликте жолаушыларға ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелері таныстырылады. Бұл ретте Зак Книг көңіл көтеретін әртүрлі арнайы эффектілерді ұтымды қолданады.

Оқылды 583 рет
JoomShaper
Top