Дін істері министрі фейсбукте жеке парақшасын ашты

Сәрсенбі, 09.11.2021

Астана. 9 қараша. E-ISLAM – Жаңадан құрылған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің басшысы Нұрлан Ермекбаев фейсбук әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты.

Нұрлан Ермекбаев жеке парақшаны ашуға қазақстандықтардың министрлік қызметіне қызығушылық танытуы себеп болғанын айтады.

«Құрметті Facebook пайдаланушылары! Осы пост арқылы Facebook желісінде жеке парақшамды ашып отырмын. Жеке парақшаны ашуыма негізгі себеп қазақстандықтардың, шетелдік азаматтар мен халықаралық қоғамдастықтың өзім басқарып отырған Министрліктің қызметіне қызығушылық танытып отырғаны түрткі болғанын жеткіземін. Министрліктің алдында тұрған маңызды міндеттер жетерлік. Алайда бүгінгі таңда басты міндетіміз – халықпен тұрақты, әділ диалог орнату болып табылады» деп жазады министр.

Алдағы уақытта осы парақша арқылы азаматтар министрліктің қызметі туралы толық мәліметтермен танысып, жеке пікірлерімен бөлісе алады.

«Яғни, біз әлеуметтік желіні пайдаланушылар арасынан белсенді азаматтық ұстанымы бар «бейтарап» көмекшілерді табуға мүмкіндігіміз бар. Бұл әлеуметтік ортада әрбір қазақстандық қоғам және еліміз үшін маңызды болып табылатын азаматтық сектор мен діни бірлестіктермен өзара іс-әрекет, діни экстремизмнің белең алмауы және заманауи жастардың қалыптасуы секілді мәселелерді шешуде конструктивті үлес қоса алады.  Сіздердің көмектеріңіз арқылы, біз мемлекетке пайда әкелетінімізге, экономикалық, мәдени және құқықтық қарым-қатынастар дамыта отырып азаматтық қоғам нығайтатынымызға сенімдімін!» дейді Н.Ермекбаев.

Оқылды 1443 рет
JoomShaper
Top