Ердоған: Еуропа терроризмге жол берді

Дүйсенбі, 07.11.2021

Астана. 7 қараша. E-ISLAM – Түркия президенті Еуропа мемлекеттері терроризмге жол беріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Режеп Ердоған жергілікті телеарналардың біріне берген сұхбатында Еуропа Түркиядағы Күрді жұмысшылары партиясына қолдау көрсету арқылы терроризмге оң қабақ танытып отырғанын атап өтті.

«Еуропа жалпы алғанда терроризмге жол беріп отыр. Бұл – анық нәрсе. Олар Күрділер тобын террористік деп таныса да осылай істеуде. Алайда, біз күрділер партиясы мүшелерінің Еуропада емін-еркін жүргенін көріп отырмыз» дейді Ердоған. Ол сондай-ақ күрділерден тәркіленген қару-жарақтардың Еуропа мемлекеттерінен жеткізілетінін де тілге тиек етті.

Ердоған Еуропада өзінің жағымсыз бейнесі қалыптасқанына алаңдамайтынын да айтты. «Олардың мен жайлы не айтатыны қызықтырмайды. Мен үшін өз халқымның сөзі аса маңызды» дейді Түркия президенті.

Түркия президенті күрді оппозиялық Халық демократиясы партиясы мүшелерінің іс-әрекеттері экстремистік болып табылатынын, сол себепті осы үшін сот алдында жауап беруі тиістігін хабарлады. 

Оқылды 644 рет
JoomShaper
Top