Хадис пен сүннеттiң айырмашылығы бар ма?

Сәрсенбі, 23.09.2021

Хадис ғылымы – «хадис» және «сүннет» сөздерiн шарғи тұрғыдан бiр-бiрiне өте жақын деп қабылдайды. Яғни, «хадис» және «сүннәт» арасында өте тығыз байланыс бар. Жалпылама айтқанда, “хадис” және “сүннет” – Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) айтқан сөздерi, iстеген амалдары, шарғи үкiмдерi.

Ал енді «хадис» және «сүннет» ұғымдарына жеке тоқталып кетер болсақ, олар келесідей:

«Хадис» – жазбаша және ауызша айту арқылы жеткен хабар болып табылады. сонымен қатар, Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөзi не болмаса iстеген амалы “хадис” деп айтылады.

«Сүннет» сөзiнiң шариғаттағы  мағынасы – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) iстеген iсi, ұстанған жолы. Бұған дәлел ретiнде “хадис” және “сүннәт” сөздерiнiң түпкiлiктi мағынасынан хабардар болған ғұламалардың: “Бұл хадис қиясқа, сүннәт пен ижмаға (ижма - ғалымдардың ұжымдық қаулысы) қарсы келедi”, “хадис имамы (ғалымы)”, “сүннет имамы”, “хадис және сүннет имамы” деген сөздерiн келтiрсек болады.

Исламның алғашқы кезеңдерінде қадилар, факиһтер және билік басындағылар сүннетке мұсылмандардың қажеттіліктерін ескере отырып түсініктеме беріп отырған. Осыдан көрініп отырғандай, Хадис күнделікті өмірде атқарып, орындап жүрген Сүннеттің сөзбен жеткізілген түрі болып саналады.

Оқылды 6180 рет
Жауап берген:
JoomShaper
Top