Елбасы барша жұртты Алғыс айту күнімен құттықтады

Сейсенбі, 01.03.2022

Астана. 1 наурыз. E-ISLAM – Назарбаев орталығында өткен Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара барысында Мемлекет басшысы бүгінгі мерекенің мән-маңызына тоқтай келе, бүгін барлық әріптесінен кешірім сұрағанын айтты.

«Мен бүгін таңертең барлық әріптестерімнен кешірім сұрадым. Қызмет барысында бәлкім біреулердің көңіліне қаяу түсіріп, ренжітіп алған болармын. Жалпы, кешірімділік - керемет күш. Мұндай қасиет ұлттар арасы мен ұжымда ғана емес, әрбір отбасында болуы тиіс құндылық. Сондықтанда, мен отандастарымды кешірімді болуға шақырамын. Ал оның қайнар бастауы бүгінгі Алғыс айту күнінен басталады.

 Қазір жер бетінде діни және ұлттық сипаттағы шиеленістер өршіп жатыр. Соғыс болмаса да, соғыс болғандай қан төгілуде. Миллиондаған адам босып, елдерінен қашып жатыр. Алауыздық артып, қақтығыстар көбейіп, ел қырылып жатыр. Мұндай кезде адамдардың бір-біріне алғысын білдіріп, өздері жасаған жақсылықтарды еске алуы аса маңызды мезет», - дейді Елбасы.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл жақсылықты бағалай білуге, оған жақсылықпен жауап қайтаруға өзара сыйластық пен құрмет бастайды. Құндылықтардың қадіріне жете алған елдің ғана келешегі кемел болмақ.

Айта кетейік, биыл 14 қаңтарда Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні, яғни 1 наурыз барлық ұлттың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді деген еді. Бүгін Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет атап өтіп отыр.

Оқылды 105 рет
JoomShaper