Сондықтан, заманның үнін тап басу мақсатында maturidi.kz ақпараттық,діни-танымдық сайты жаңа үлгіге ауысқаны туралы қуанышты хабарды жеткізгіміз келеді. Өткен жылы ғана жаңа атаумен ашылған аталмыш сайт ақпарат кеңістігінде өз орнын алып, жағымды жаңалықтарымен, мазмұнды мақалаларымен, білікті де білімді теологтардың видео-медиа дәрістерімен оқырмандарын ақпараттандырып келеді.
«Ханафи фиқхын, матруди сенім мектебінің негізгі критерилерін түсіндіру, Әһлу сунна имамы Әбу Мансур әл Матуриди еңбектері мен төл мазхабымыздың ғұлама ғалымдарының еңбектерін, дін мен дәстүрді дәріптеу, ел ынтымағы мен бірлігіне үлес қосу, имандылық кәусарына бет бұрған жандарды дұрыс әрі маңызды діни құндылықтармен сусындату - maturidi.kz ақпараттық, діни-танымдық сайтының басты мақсаты болып қала бермек. Жақсы жаңалықты жалпыға жариялауға атсалысыңыз ағайын!