Хайнер Билефельдт: «Қазақстан дінаралық диалогтың озық үлгісін жасады»

Жұма, 13.03.2022

АСТАНА. 13 наурыз. E-islam.kz - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Төрағасы Ғалым Шойкин 9-12 наурыз аралығында Женевада өткен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 28-ші сессиясы аясында Интерактивті диалогқа қатысты.

Айтулы шарада БҰҰ дін немесе сенім бостандығы мәселелері жөніндегі Арнайы баяндамашысы Хайнер Билефельдтің  жылдың 26 наурыз – 5 сәуір аралығында Қазақстан Республикасына жасаған сапарының қорытындысы бойынша әзірленген есептік баяндамасы тыңдалды.

БҰҰ Кеңесінің 28-сессиясындағы өз баяндамасында Хайнер Билефельдт Қазақстан Республикасы Үкіметіне осы елге 2014 жылғы іссапарын оңтайлы ұйымдастырып бергеніне ризашылығын білдірді, сондай-ақ өз қызметін іске асыруда бұдан әрі де жемісті және жүйелі әріптестік байланыстың жалғасуына септігін тигізіп отырғанына алғысын айтты.

«Қазақстан көпконфессиялы қоғамы діни алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасы елдегі конфессияаралық бейбіт келісімді орнатып,оның ішінде дінаралық диалогтарды орталық, аймақтық және жергілікті сатыларда сәтті ұйымдастыра білді» деді Х.Билефельдт өз баяндамасында.

Оқылды 393 рет
JoomShaper