М. Әзілханов: «Мәңгілік елдің тірегі - мәңгілік құндылықтар»

Бейсенбі, 13.11.2021

АСТАНА. 13 қараша. E-islam.kz - Елбасының Ұлытау сұхбаты - ел арасында талқылануда. Кеше Еуразия Ұлттық университетінде "Ұлытау сұхбаты - рухани жаңғырудың жаңа кезеңі" деген тақырыппен өткен дөңгелек үстел барысында еліміздің Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов "Бүгін Елбасының Ұлытауда берген тарихи сұхбатының негізінде ұлт руханиятының іргесін бекіте түсуге жиналып отырмыз" дей келе, алқалы жиынның мақсатты бағытын айқындап берді.

"Елбасының Ұлытау төрінде, Әулиебұлақтың жағасында берген тарихи сұхбаты - осы қасиетті өлкені лайықты түрде ұлықтаудың, ұрпақтар сабақтастығын рухани толғаныстар түрінде жаңғыртудың құндылықтарын ертеңгі буынға аманаттаудың өрелі де өнегелі көрінісі" деген вице-министр Ұлытаудың қазақ саяси өмірінің орталығы болғанын да тілге тиек етті. Сөз соңында М. Әзілханов:  "Көнермес құндылықтарға бай тарихымыздан өнеге ала білген бүгініміз бізді бағдары айқын болашаққа жалғастырады. Осы бағыттағы соқталы ой, сындарлы пікірлерді сарапқа салған Ұлытау сұхбаты бүгінде Қазақстан қоғамының жаңа кезеңіне қадам басқанын айғақтайды" деп нақтылады.

Оқылды 993 рет
JoomShaper
Top