Астана имамдары сынақ тапсырды (ФОТО)

Сейсенбі, 08.11.2021

Астана. 8 қараша. E-ISLAM – Бүгін Астана қаласындағы имам-молдалар сынақ тапсырды.

«Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен сынақ емтиханына елорда мешіттері мен медресенің 46 дін қызметкері қатысты.

Имамдардың білім-біліктілігі сарапқа салынған емтиханға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мен ҚМДБ Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлына арнайы келіп, дін қызметкерлерінің қарым-қабілеті мен білімін тексерді.

Айта кетсек, сынақ былтыр ел тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған Республикалық имамдар форумында қабылданған ҚМДБ-ның төрт құжаты – «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті» еңбектері мен 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасын негізге ала отырып, өткізілді. Сондай-ақ, бұл шара ҚМДБ-ның Астанадағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің бас қала имамдарының білім-біліктілігін көтеру мақсатында қолға алынған.

Комиссия мүшелері имамдар сынақты тиісті дәрежеде тапсырғанын хабарлады. Сынақ барысында астаналық дін қызметкерлері аталған төрт құжатты білетіндіктерін байқатты.


Оқылды 50 рет
JoomShaper
Top