«Жыныстық жиһадқа» ұрынған қыздың шері

Бейсенбі, 03.09.2021

Бүгінде әлемдік БАҚ беттерінде «жыныстық жиһадқа» байланысты мәліметтер тез тарап кетті. Бұл террористік ұйымдардың адам санасын арбаудың кезекті әрекеті еді. Әсіресе, Мысыр және Тунис елдерінен көптеген қыздар шетел асып кеткен. Осыған байланысты бүгінде аталмыш елдерде теріс пиғылды идеологияның таралуына қарсы күштер жұмылдырылып, шетел асып жатқан азаматтар қатаң бақылауға алынуда. Осындай «жыныстық жиһадқа» тап болған қыздардың бірі – Сирия азаматшасы Рауан Қаддақ. Ол басынан кешкен ауыр тағдыры туралы өзге бойжеткендерге сабақ болсын деген мақсатпен, шетелдік арналарға сұхбат берген.  

Бойжеткеннің  «жыныстық жиһадқа» баруға әкесі себепкер болған. Сирияның «ИШИМ» содырлары Рауанның әкесіне: «Қызың Алланың жолында шахид болып,жәннәтқа кірсін десең, біздің қатарға қос» деп үгіттеген.  Содан кейін әкесі туған қызын содырлардың жетегіне жіберген.

Рауанның өз аузынан:

«Менің әкем ауыл шаруашылығмен айналысатын. Отбасымызда жеті  адам бар. Әкем қызба кісі, көп жағдайда ашуланып мінез көрсетіп шығатын. Соңғы уақытта біз әкемнің «ИШИМ» содырларымен қарым-қатынас орнатып жүргенін байқайтынбыз. Содан кейін әлгі содырлар үйге жиі келгіштеп кетті. Бір күні әкем мені бір қараңғы бөлмеге қамап қойды. Бірер уақыттан кейін бөлменің есігін ашып 50 жас шамасында үлкен ер кісі кіріп келді. Ол мені бас салып, төсек қатынасына тартты. Қанша айғайлап, бой бермеуге тырыссам да, өзімді қорғай алмадым. Сәл уақыттан кейін тағы бір ер кісі кіріп, бет аузымды қымтап, қолымды байлап, әлгі жағдай тағы қайталанды. Болған жағдайдың бәрін, яғни айғайлаған дауысымды әкем келесі бөлмеде естіп отырды. Кейін есімді әрең жиып,ауырсынған күйі, бөлмеден шығып әкеме бардым. «Неге мұндай жағдайға жол бердіңіз?» деп әбден жыладым. Сонда әкем: «Қызым, бұл жихадтың бір түрі. Сенімен жыныстық қатынасқа түсетін еркектің саны қаншалықты көп болса, соншалықты сауап аласың. Егер шыдай алмай көз жұмсаң,шахид атанып, барар орның жәннәт болады», деді. Содан кейін әлгі содырлар қатары үйге тағы келіп мені зорлай бастады.Ертесіне әкем мені «ИШИМ» содырлары орналасқан лагерге алып барды. Онда бір үй бар екен. Мені сонда кіргізді. Үйдің ішінде «жыныстық жиһадқа» алданып келген көптеген шетелдік қыздар болды. Сонда үйге бір ер кісі кіріп «жыныстық жиһадқа» байланысты жаңа пәтуа шыққанын,  оның халал екендігін насихаттады. Мұндай әрекет Сирия елінде 2011 жылдан бері жалғасып келе жатқанын жеткізді. Сонымен қатар ол Сирия майданында жүрген ержүрек батырлардың нәпсісін қандырып, оларға күш беруге үндеді.

Осылайша қаншама қыздар «жыныстық жиһад» деп, елінен безіп Сирияға келіп мен сияқты азапқа душар болып жатқандарды көзім талай көрді».

Араб тілінен аударған Жалғас АСХАТ, дінтанушы

Оқылды 6114 рет

E-islam газеті

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Қыркүйек 2015 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Аудио

JoomShaper