«ИШИМ»-ге тосқауыл қоятын уақыт келді

Дүйсенбі, 31.08.2021

Астана. 31 тамыз. E-ISLAM – «ИШИМ» содырларына барша мұсылмандар қарсы бірігіп тосқауыл қоятын уақыт келді, деді Иордания ханшайымы Рания жуырда Францияда өткен бизнес-форумда сөйлеген сөзінде.

«Біз үлкен қауіп ортасында өмір сүріп келеміз. Себебі, «ИШИМ» атты террористік топтар өздерінің улы идеологияларын барша әлемге таратып келеді. Ал, оларға тосқауыл қоюға қауқарсыз болып отырмыз. Бұл мұсылмандардың оларға қарсы жасап жатқан жұмыстарының әлі де жеткіліксіз екенін байқатады».

«Біз, мұсылмандар, көзқарастарымызды біріктірмейінше «ИШИМ»-ге қарсы шығуымыз нәтижесіз болмақ. Сонымен қатар Таяу Шығыс елдері азаматтарының білім деңгейін көтеру ләзім. Сонда ғана бұл қауіптің біршама беті қайтады» деді ханшайым. 

Оқылды 686 рет

E-islam газеті

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Қыркүйек 2015 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Аудио

JoomShaper