Әлем аруы атанған жұмысшы қыз (ВИДЕО)

Сейсенбі, 01.09.2021

Шохмансур ауданында жасыл желек бөлімінде жұмыс істейтін душанбелік қарапайым Мунира Мирзоева The Atlas of Beauty халықаралық фотожобасының назарын аударды.

Көрікті қыз әлемдік жоба жетекшілерін таңдай қақтырғанымен сол қарапайым қалпымен өз жұмысын жалғастырмақ. Әлеуметтік жағдайдың төмендігінен Мунира отбасын асырау үшін көшедегі жасыл желекті, гүлзар бақтарын баптап, табыс тауып келеді. Алайда, ол өзінің әсем келбетін әлеуметтік желілерге жариялап, байқауларға қатысуды ойына да алмаған.

«Озоди» радиосының хабарлағандай, The Atlas of Beauty интернет жобасын румыниялық Михаэла Норок есімді фотограф қыз жүргізеді. Ол өз жұмысы туралы «түрлі елдерге саяхаттап, әлемнің, қоршаған ортаның сұлулығын, әлемнің түрлі сипаттағы әсем келбетін әйелдер образы арқылы көрсеткім келеді» деп түсіндірді.

Осыдан бір ай бұрын Тәжікстанға саяхат жасап,  қала бақтарымен келе жатқан Михаэла Нороктың көзіне гүлзар баптап отырған Мунира Мирзоева оттай басылады. Ол дереу фотоаппаратын алып Мунираны суретке түсіріп алады. Артынша Facebook парақшасына "A beautiful street cleaner in Dushanbe, Tajikistan" («Душанбедегі сұлу аула тазалаушы») деген атаумен аталмыш фотомен арнайы материал жариялады. Алайда,  Михаэла Норок тәжік қызының үстіндегі жұмыс киіміне қарап, оның аула тазалаушы емес, гүл бағын баптаумен айналысатынын біле қоймаған.

Журналистің «Бос уақытыңда не істегенді ұнатасың?» деген сауалына Мунира: «Менің бос уақытым осы күрекпен, тырмамен өтеді» деп риясыз жымия жауап берді. «Расында, жақын достарым да осы бақтағы жұмысшылар. Үйдің тірлігі де аз емес. Туған-туыстарыммен тығыз қарым-қатынастамын. Жалпы менің бүкіл өмірім осы отбасым, бауырларыммен, жұмыстастарыммен өтеді» дейді ол.

Ол небәрі 19 жаста. Мектепті бітіргесін Мунира медицина саласын оқуды арман еткен екен. Бірақ, үйдің үлкені өзі болғасын отбасындағы жеті адамды асырау жеке басының арманынан асқақ болмаған көрінеді. «Мен бұл жұмысыма арланбаймын. Бұл менің таза еңбегіммен, адал тапқан табысым» дейді Мунира.

Михаэло Нороктың Facebook парақшасы арқылы интернетке шыққан Мунираның суреті оң мыңдаған «лайк» жинап, оның табиғи сұлу көркіне, көркем күлкісіне, қайсар да жігерлі мінезіне разы болған жылы лебіздерге толы пікірлермен әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді.

Е-ислам

Оқылды 338 рет

E-islam газеті

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Қыркүйек 2015 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Аудио

JoomShaper