«Фейсбук» сөзін азанға қосқан азаншы қызметтен аластатылды

Дүйсенбі, 31.08.2021

Астана. 31 тамыз. E-ISLAM – Мысырлық азаншы дәстүрлі азан мәтініне «фейсбук» сөзін қосып айтқаны үшін қызметінен аластатылды.

Дәстүрлі азан мәтінінде таң намазы уақытында «Намаз ұйқызан артық» деп айтылады. Алайда, Кафр Давар қаласының азаншысы Махмұд Могази осы сөздің орнына «Намаз фейсбукте уақыт кетіргеннен қайырлы» деп айтып жіберген.

Осыдан соң Сайед Гази мешітінің жамағаты ислам рәміздерінің ұлығы саналатын азан мәтінін бұзған азаншының үстінен арыз түсірді. Ал өткен жексенбіде телеарна бағдарламасында жамағат Махмұд Могазиді дінбұзарлық жасайды деп айыптады. «Оның осындай бүйректен сирақ шығарғанынан бүгінде жамағат мешітке келмейтін де болды» дейді олар.

Осы факті бойынша тергеу жұмыстары аяқталғанға дейін Могази қызметтен аластатылды. Ал Махмұд Могази болса жамағаттың онсыз да мешітке келмейтінін, сондай-ақ ел аумағында тыйым салынған «Мұсылман бауырлар» ұйымына жанашырлық танытатынын айтуда. Ол қызметтен қуылған жағдайда аштық жариялаймын деген уәжін де жеткізді. 

Оқылды 300 рет

E-islam газеті

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Қыркүйек 2015 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Аудио

JoomShaper