Материалы отфильтрованы по дате: Сейсенбі, 01 Қыркүйек 2015 - Қазақстандағы ислам діні жаңалықтары - E-ISLAM

Астана. 1 қыркүйек. E-ISLAM – Австралиялық дәрігер-мұсылман жастарға берген тәлім-тәрбиесі еленіп, «Жыл әкесі» атағына ие болды, деп хабарлайды IslamNews.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

Түрлі бұқаралық ақпарат құралдарының жарыса-жанталаса жазуының арқасында ИШИМ туралы естімеген адам кемде-кем шығар. Бүкіл әлем жұртшылығының назары сонда десек қателесе қоймаймыз. Шын мәнінде Сирия мен Иракта орын алып отырған күрделі жағдай түрлі мәселелерге жол ашып, көптеген елдердің ақпарат кеңістігіндегі қақтығыс алаңына айналды. Бұл құбылысқа әр ел өз мүддесі тұрғысынан баға бере отырып, кінәліні іздеуде. Бірілері алпауыт АҚШ, Батыс Европа елдері мен Израильді кінәласа, өз кезегінде олар сол елдердің режимдері мен қатар Ресей өкіметін кінәлап бағуда. Ал Иран өкіметі мен шииттік режимді жақтаушылар Сауд Арабиясы, Қатар, Түркия секілді мұсылман елдерін тікелей жауапкер ретінде қарауда. Мәселенің саяси астарларына қатысты тым көп жазылғандықтан, оның егжей-тегжейін саяи сарапшыларға қалдыра отырып, бұл мәселеге біз діни тұрғыдан ғана баға беруге тырысып көрейік.

Астана. 1 қыркүйек. E-ISLAM – Түркия Симферополь үшін орталық мешіт құрылысын жүргізуге толықтай дайын. Бұл мешіт Қырым мұсылмандарының үлкен мәдени орталығына айналады, деп хабарлайды Қырым мұсылмандары дін басқармасы.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

Астана. 1 қыркүйек. E-ISLAM – Египеттегі парламент сайлауының алғашқы туры 18-19 қазанда, екінші кезеңі 22-23 қараша күндері өтеді.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

Шохмансур ауданында жасыл желек бөлімінде жұмыс істейтін душанбелік қарапайым Мунира Мирзоева The Atlas of Beauty халықаралық фотожобасының назарын аударды.

Көрікті қыз әлемдік жоба жетекшілерін таңдай қақтырғанымен сол қарапайым қалпымен өз жұмысын жалғастырмақ. Әлеуметтік жағдайдың төмендігінен Мунира отбасын асырау үшін көшедегі жасыл желекті, гүлзар бақтарын баптап, табыс тауып келеді. Алайда, ол өзінің әсем келбетін әлеуметтік желілерге жариялап, байқауларға қатысуды ойына да алмаған.

Категориясы Ислам және отбасы

Астана. 1 қыркүйек. E-ISLAM – Біріккен Араб Әмірлігіндегі Қызыл жарты ай ұйымы таяуда орын алған әскери қақтығыстан жапа шеккен ондаған миллион йемендіктерге қаржы жинау бойынша жалпыұлттық акция ұйымдастыруда. Бұл туралы WAM ақпараттық агенттігі хабарлады.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

Астана. 1 қыркүйек. E-ISLAM – Түркия соты екі ағылшын журналистіне «террористік ұйымдарға көмектесті» деген айып тақты. Vice News порталының қызметкерлері Джейк Ханрахан мен Филипп Пендлбери өткен аптада аудармашылары мен жүргізушілерімен бірге полиция қамауына алынды.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

Бүгін – «Білім күні». Еліміздің білім саласында қызмет етіп жүрген ғалымдар мен мұғалімдерді, оқу орындары басшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын.  

Категориясы Басты жаңалықтар

Астана. 1 қыркүйек. E-ISLAM – Иордания королі Абдалла II үйлену тойларында қарумен аспанға оқ атып, отшашу жасауға қарсы екенін мәлімдеді.

Категориясы Соңғы жаңалықтар

E-islam газеті

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Қыркүйек 2015 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Аудио

JoomShaper