Имам құрбандыққа қой соймауға шақырды

Дүйсенбі, 31.08.2021

Астана. 31 тамыз. E-ISLAM – Бельгия имамы ел мұсылмандарын алдағы Құрбан айт мерекесіне қой союдан бас тартуға шақырды. Бұл жергілікті биліктің исламдағы дәстүрлі қой сою рәсіміне салынған тыйымға көрсетілген қарсылық болып отыр.

Хаилд Харр имам мұның орнына құрбандыққа кетер қаражатты осыған мұқтаж жандарға берудің жөн болатынын айтты.

Мал шаруашылығы министрлігі ислам қағидаларына сәйкес мал сою рәсіміне тыйым салды. Өз кезегінде бельгиялық мұсылман қауымымен бірге иудейлер де үкіметтің бұл шешіміне наразылық білдірді.

«Біз салық төлейміз. Фермерлер дағдарысқа сабыр қылып отыр. Бұл олар үшін аз ба? Барған сайын қысым жасалуда. Әркез біз осы заңдардың барлығы мұсылмандарға қарсы бағытталғанын сезіп келеміз» деді имам.

Айта кету керек, құрбандық мал шалып, тұрмыс-ахуалы төмен адамдарға тарату көптеген мұсылман ғалымдарының көзқарасы бойынша сүннет муәккада (өте ұнамды іс) саналады. 

Оқылды 530 рет

E-islam газеті

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Қыркүйек 2015 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Аудио

JoomShaper