Тәжік имамдарына сенім азайды

Сенбі, 04.02.2022

Астана. 4 ақпан. E-ISLAM –  Тәжікстан халқының дін қызметкерлеріне сенімі соңғы төрт жылда 5 есеге дейін төмендеген. Бұл туралы Тәжікстан исламтану орталығы жетекшісі Рустам Азизи қоғамдық сауалнама нәтижесіне сілтеме жасап, хабарлады.

Оның айтуынша, сауалнамаға сәйкес 2012 жылы дін қызметкерлеріне сенім республика халқының тең жартысында болған. 2016 жылы – тек 9,7 %-ды көрсетті.

«Бұл қазіргі кезде көптеген адамдардың діни ақпараттарды әртүрлі дереккөздерден алуына байланысты болуы мүмкін. Бұрын діни мәліметтерді негізінен имамдардан алып келді. Қазір кез келген сұрақтың жауабын интернеттен іздеушілер көп» дейді сарапшы.

Айта кетсек, Сирия мен Ирак территориясындағы ДАИШ террористік ұйымы қатарына Тәжікстанның 1 100 азаматы қосылған. Оның 150-і әскери қақтығыстарда қаза тапты. 

Оқылды 292 рет
JoomShaper
Top