Әмірлікте қар жауды

Сейсенбі, 07.02.2022

Астана. 7 ақпан. E-ISLAM – Тропикалық елде қалыңдығы 10 см қар жауып, жылдамдығы сағатына 75-80 км күшті жел тұрды. Бұл туралы ТАСС агенттігі AFP сілтеме жасап хабарлады.

Дубай қаласында дауыл салдарынан құрылыс краны құлаған, салдарынан қаланың басты автомагистралы жабылды.

Орын алған жағдайға байланысты әмірлік билігі Дубай қаласындағы халықаралық веложарыстың төртінші кезеңін тоқтатап тастады.

Сонымен қатар әмірліктің Рас-әл-Хайма аймағындағы Джайс тауында да қар жауған. Елде ерекше саналған табиғи құбылысты көруге жүздеген тұрғындар арнайы барды.

Оқылды 397 рет
JoomShaper
Top