Өлім жазасын орындаудан бас тартқан баланың қолын шапты

Сейсенбі, 07.02.2022

Астана. 7 ақпан. E-ISLAM – Ирактың Мосул қаласында ДАИШ содырлары тұтқынға түскендерді өлтіруге қатысудан бас тартқан екі баланың қолын шапты. Бұл туралы The Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасап Today.kz хабарлады.

Ақпарат құралының хабарлауынша, 10 және 12 жасар балалар отбасыларының көз алдында екі ер азаматты өлтіруден бас тартқаны үшін осындай аса қатаң жазаға кесілген.

Балалар экстремистердің арнайы жаттығу лагерінде дайындықтан өткен. Содырлар кәмелеттік жасқа толмаған балаларды «кәпірлерге» қарсы соғыс пен терактілерді жасауға дайындаған.

*ДАИШ – Қазақстан Республикасы территориясында қызметіне тыйым салынған террористік ұйым.

Оқылды 833 рет
JoomShaper
Top