Канада премьері мұсылмандар жаназасына қатысты

Дүйсенбі, 06.02.2022

Астана. 6 ақпан. E-ISLAM – Канадада Квебек мешітіне жасалған шабуылдан мерт болған үш мұсылман азаматын жерлеу рәсімі өтті.

Жергілікті хоккей аренасында өткен аза тұту рәсіміне бес мың канадалықпен бірге мемлекеттік билік өкілдері, оның ішінде ел премьер-министрі Джастин Трюдо қатысты.

Айта кетер жайт, жазықсыз мерт болған мұсылмандар жаназасына ортодокальды иудейлер де келген.  Жаназада Құран аяттары оқылды. Джастин Трюдо жиылған жұртшылыққа дәстүрлі мұсылман халқына тән «Ассаламу алейкум» сәлемін жолдап, өз сөзінде «Канада бұл қараңғылық пен надандықтан серпіліп, қуатты елге айналанытына» уәде етті.

Еске сала кетсек, Квебек мешітінде жасалған терактіден 6 адам зардап шекті. Қылмыскер 27 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Оған адам өлтіру мен қылмыс жасау бойынша айыптаулар тағылды.

Оқылды 769 рет
JoomShaper
Top