18 жасар жігіт әнмен экстремизмді үндеген

Дүйсенбі, 14.11.2021

Астана. 14 қараша. E-ISLAM – Ақтөбе қаласында «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде экстремистік мазмұндағы аудиожазба жариялаған 18 жасар жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Актобе Таймс».

Ақтөбелік азамат енді осы ісі үшін 5-7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеушілер оның «ВКонтакте» желісіндегі жеке парақшасынан терроризмге үндейтін сегіз тректі анықтаған. Дәл осы айыбы үшін ол 9 қараша күні сотқа тартылды. Азамат «Телекоммуникация желілерін қолданып терроризмді насихаттау» Қылмыстық кодексінің 256 бабы (2 тармағы) бойынша айыпталуда.

Тергеу амалдары көрсеткендей, жеткіншек маусым айында анасының телефонын алып, әлеуметтік желіден өзіне парақша ашқан. Осыдан соң бірнеше әндерді жүктеген. Бұл қатарда «Жиһадқа шақыру» және басқа да осы мәндес әндер болған. Айыпталушы желіге нашидтер (арабша діни ән) жүктегенін мойындайды, алайда оны ешкіммен бөліспегенін айтады. Енді сот оның зиянды әндерін қанша қолданушы тыңдағанын анықтайды. Тыңдаған қолданушылар табылса, жас жеткіншек 5 жылдан 7 жылға дейін түрме жазасына кесіледі. Процесс жалғасуда.

Оқылды 744 рет
JoomShaper
Top