ДАИШ-тағы әйелдер жанкешті болудан бас тартуда

Дүйсенбі, 14.11.2021

Астана. 14 қараша. E-ISLAM – Ирактың Мосул қаласындағы ДАИШ террористері құрған шариғат полициясы құрамындағы әйелдер отрядының бірнеше мүшесі ұйым басшыларының жанкешті болу туралы бұйрығынан соң лаңкестер қатарынан қашып шығуда.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұйымнан қашып шықпақ болған бір әйел көпшіліктің алдында өлтірілген.

Қалған қашқын әйелдерді лаңкестер жіті іздестіру үстінде.

ДАИШ шариғат полициясындағы әйелдердің негізгі міндетіне Ирак пен Сириядағы террористер территориясындағы әйелдер арасында өздері бекіткен «дін заңдылықтарының» сақталуын бақылау кіреді. Бұған бағынбаған әйелдерге физикалық қысым көрсетіледі. 

Оқылды 541 рет
JoomShaper
Top