Мұхан Исахан

Заңгер, шариғат бойынша маман

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Сұрақ қою

Өмірбаяны

Мұхан Исахан – заңгер, шариғат бойынша маман, 1978 жылдың 8 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысынының Ордабасы ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдады. 2002 жылы осы университеттің магистратурасын, ал 2006 жылы аспирантурасын табысты аяқтап шықты. Қазіргі таңда «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша докторантурада оқып жатыр. Бірнеше жылдар бойы ғылыми қызметкерлікпен, аудармашылықпен, «Қазақстан-Заман» газетінің дін істері бөлімін басқарумен айналысқан. 30 шақты ғылыми, 60 шақты публицистикалық мақалалардың және «Ислам және калам мазхабтары» атты монографиялық еңбектің авторы. 15 жылдан астам уақыттан бері «Мемлекет пен діннің қарым-қатынасын құқықтық реттеу» атты тақырып бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. М.Исахан «ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасына ондаған ұсыныстарын енгізген. «Саяси мазхабтардың тарихы» атты монографиялық еңбегі баспадан шығаруға дайындалуда.

Арнау сөзі

Ассаламу алейкум құрметті оқырмандар!

Мен – Мұхан Исахан, теолог, «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінің докторантымын. Сарапшы ретінде келесі тақырыптарға қатысты сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын: Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірі мен қызметі, Исламдағы мазхабтардың шығу тарихы, сопылық және тариқаттар, Исламдағы діни мерекелер, ҚР заңнамаларына сәйкес азаматтардың діни құқығы.

Еңбектері

  • Кітап №1
  • Кітап №2
  • Кітап №3

Мақалалары

  • Мәуліт мерекесі – Мұхаммед (с.ғ.с.) мерейі 
  • Садақа беру – сауабы мол игі іс! 
  • Зекет бермеу – дінге опасыздық жасағанмен тең 
  • Тарихи оқиғалар желісі бойынша имам Матуридидің сенім ілімі 
  • Ақтау қаласында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мәселелеріндегі БАҚ рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті 
  • Айтайық, жарапазан... 
  • Тарауих намазының шариғаттағы дәлелі һәм рухани мән-мазмұны 
  • Исламның қазақ даласына таралуы 
  • Миғраж – ұлы жеңістердің хабаршысы 
  • Өзін-өзі жарған шаһид пе? 
  • Оразаны қанша күн тұтамыз? 
  • Сириядағы қанды қақтығыс «сунниттік-шииттік майдан» ба? 
  • Діни білім берудің заманауи тетіктерін игеру жайында 
  • Оразаның уақыты неге ауыспалы болып келеді? 
  • Қасиетті Қадір түні 
  • Көркем мінезді болудағы сабырдың орны 
  • Рамазан - Сабыр мектебі 
  • «Шахид болу» идеологиясының қателігі 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық 
  • Хақ үкімдері қатып-семіп қалған догма емес 
  • Уаһабшылдар қозғалысының ұлт жаназасын шығарудан басқа мақсаты жоқ 
  • Ислам үрейлендіруге қарсы 
  • "Қадір" сөзінің мағынасы 
  • Жұмаққа жолдама әперер иллаһи мүмкіндік 
  • Қасиетті кештегі айтылар дұға-тілек 
  • Қадір түнін күндізден күту керек 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық

Қазақ билерінің үкім айтуы шариғатқа сай болған ба?

Сәрсенбі, 22.10.2021

«Қазақ билерінің үкім айту кезінде қолданған сот прецеденті әдіснамасы Ханафи мәзһабындағы хила-шариямен сабақтасып жатыр» деген тұжырым айтасыз. Осыған салыстырмалы түрде нақты бір-екі мысал бере аласыз ба?

Әлбетте, ғылыми тұжырым жасау үшін оған нақты мысалдар керек. Дәлелсіз тұжырым жасалмайды. Қара қылды қақ жарып, үкім айтқан атақты Төле бидің «тапқан қуанады, таныған алады» атты теориясы бар. Әсілі, бұл құқықтық норма Рим меншік құқығының негізгі принциптеріне жатады. Тіпті, қазіргі азаматтық құқықта да «заңсыз иеленушіден мүліктің шын иесі өз мүлкін талап етуге құқылы» деген норма бар. Төле би туралы халыққа кең тараған аңыздардың бірінде, екі адамның бір атанға дауласып, бидің құзырына бас ұрғандығы айтылады. Сонда Төле би екі жақты ұйып тыңдап болған соң, дауласушы екі жақтан атанның енесін алдыртады. Бидің бұйрығымен тақымына қыл-бұрау салып, атанды ақыртып көргенде, атанның шын енесінің көзіне жас парлап, мұрындығын жұла-мұла ботасының үстіне түсіп кете жаздайды. Төле би «тапқан қуанады, таныған алады» деп үкім кесіп, атанды шын иесіне қайтарып бергіздіреді. Тағы бірде екі ана бір балаға таласып, Төленің алдында келеді. Екі жақ та өздерінің бұлтартпас дәлелдерін ұсынады. Би қылышын көтеріп: «Баланы екеуіңе тең бөліп беремін» деп айла жасап көреді. Сонда баланың шын анасы: «Ұлым қайда жүрсе де аман болсын», деп дау айтудан бас тартады. Бұдан Төле би баланың шын анасының кім екеніне көз жеткізіп, ұлды өз шешесіне қайтартқызады. Задында, Төле бидің даналыққа құрылған бұл кесімдері шариғат құптаған айла методологиясына негізделген. Бірақ, шариғатта айла жасауға - әділдік қамтамасыз етіліп, зиян кетірілетін болса ғана рұқсат беріледі. Басқа жағдайда қазылардың айла жасауын шариғат құп көрмейді. Енді, шариғат құптаған айлаға дін негіздерінен дәлелдер келтіретін болсақ. Аюп (с.а.у) пайғамбар бір жағдайға байланысты әйеліне жүз дүре соғуға өз-өзіне уәде береді. Бірақ, артынан райынан қайтып, жұбайына аяушылық танытқысы келеді. Сонда, Алла Тағала Аюпқа тығырықтан шығудың жолын көрсетеді. Бұл туралы Құран Кәрімде: «Қолыңа бір топ ши алып, сонымен бір ұр. Сертіңнен қайтпа!» (Сад, 44) – деп бұйырылады.  Аюп (с.а.у) жүз бұтағы бар бір шиді алып, бір рет әйеліне дүре соғады. Яғни, Жаббар Хақ нұсқаған айламен Аюп (с.а.у) өз сертін орындайды. Ал, шариғат құптаған айлаға сүннеттен дәлел келтірер болсақ, бірде өлім аузында жатқан бір сахабаның «Лә иллаһа иллалаһ» деп айтуға әл-дәрмені болмайды. Алла Елшісі (с.а.у) оның себебіне үңілгенде, қал үстіндегі сахабаға анасының разы болмағандығын естіп біледі. Хақ Елшісі (с.а.у) дереу сахабаның шешесін шақыртып: «Мына жерде алаулап жанып тұрған от: «Ұлыңа шапағатшы болсаң, отқа қақталудан аман қалады. Шапағат етпесең, ұлың өртке түседі» десе, не деп жауап берер едің?», дейді. Шешесі естіген бойда: «Онда ұлымның шапағатшысы «мен боламын» деп жауап берер едім», дейді. Және жалма-жан Алла Тағала мен Оның Елшісін (с.а.у) куә келтіріп, ұлына кешірім бергенін паш етеді. Іле-шала жанын бере алмай қатты қиналған ұлы тілін кәлимаға келтіріп көз жұмады. Осы оқиға да зер салып қарасақ, Алла Елшісі (с.а.у)-ның айламен ұлына анасының кешірімін алып бергенін аңғарамыз. Сондай-ақ, Құран мен Сүннетке сай айла жасауды Имам Ағзам Әбу Ханифа да фикһтық мәселелерде кеңінен қолданған. Айталық, бірде, Куфадағы бір кісінің сұлу әйеліне бір жігіт ғашық болады. Жігітке әлгі әйел де ғашық болып, екеуі бір-бірін ерлі-зайыптымыз деп жариялайды. Әйелдің шын күйеуі бұл бассыздықты тоқтату үшін Әбу Ханифаға жүгінеді. Имам Ағзам серіктерін ертіп арызданушының үйіне келеді. Ол үйдің иттері оларды бөтенсіп, әупілдеп үре бастайды. Осы кезде Әбу Ханифа бойына желік кірген әйелді шақыртады. Әйел үй ауласына бас сұққанда, жаңа ғана айбаттанып, әупілдеп үрген иттер, үй иесін танып, құйрықтарын бұлғаңдатып үруін сап тияды. Әбу Ханифа жұрт куә болған жәйтті нұсқап: «Мәселенің шындығы белгілі болды», - деп, сұлу әйелді шын күйеуіне қайтарып бергіздіреді. Тағы бірде, бір жігіт үйдің төбесіне шығуды әдетке айналдырған әйеліне: «Енді сатымен жоғары көтерілсең де, төмен түссең де талақ боласың», дейді. Әдетін тия алмаған әлгі әйел тағыда үй төбесіне шықпақ болып сатыға мінеді. Көтерілгенде барып күйеуінің ескертуі есіне түседі. Әйел я жоғарын білмей, я төмен түсерін білмей абдырап тұрып қалады. Оны көрген күйеуі де не істерін білмей қатты сасады. Бұл тығырықтан шығудың жолын іздеп Имам Ағзамға келгенде, ол: «Сатыны әйелмен қосып көтеріп, жерге қоясыңдар. Сонда ол сатымен жоғары көтерілген де, төмен түскенде саналмайды», деп күйеуін талақ айтудан құтқарады. Мінеки, көріп байқағандарыңыздай, Қазақ билерінің тапқырлық пен даналыққа негізделген үкімдері Құран мен сүннетке һәм Имам Ағзам кеңінен қолданған хила әдісімен жан-жақты сабақтасып жатыр. Демек, Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы дауларды шешу және үкім айту жолдары шариғатқа қайшы емес. Қайта бір-бірімен қабысып жатыр деп айта аламыз.

 

 

 

Оқылды 7293 рет
Жауап берген:
JoomShaper
Top