Ердің жұбайына қатысты хақтары Ислам және жанұя

Сәрсенбі, 18.09.2021

«Сендердің жақсыларың — отбасына жақсы қарағандарың»-деді.

 

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қатты қуанып келіп былай дейді: «Маған Жәбірейіл (ғ.с.) келіп, Ей, Мұхаммед (с.ғ.с.) Сен разысың ба? Егер саған біреу 1 салауат айтса, Мен оған 10 салауат айтамын, кімде-кім саған 1 сәлем берсе, мен оған 10 сәлем беремін».

Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «الرجال قوامون على النساء» Бұл аяттың түсу себебі ұлы сахабалардың бірі Сағд ибн Робиғ қарсы шығып бой ұсынбай ауыр сөздер айтқаны үшін әйелі Хабиба бинт Зайдты ұрады. Осыны естіген Хабибаның әкесі Пайғамбарымызға (с.ғ.с) келіп, шағымданғанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Сағдтан кек аламыз деп жар салғанда, „еркектер әйелдерге үстемдік етеді»-деген аят түседі. Еркектердің әйелдерге үстемдігі: Еркектің мойнына әйелімен бала-шағасының үйі, киімі, тамағы жүктеледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қоштасу құтпасындағы өсиетінде былай деді: «Әйелдеріне қиянат жасаудан Алладан қорқыңдар, оларды сендер аманат етіп алдыңдар, әйелдердің сендерге хақысы бар, яғни киімі, тамағы және тұратын үйі сендердің мойындарында. Әйелдерің сендер рұқсат етпей, үйге ешкімді кіргізуге хақысы жоқ». Жәбір (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) риуаят етті: «Алла тағала әйелді сендерге аманатқа берді, сол аманатты иесіне дұрыстап өткізіңдер, оларға жұмсақ көркем мінезбен қараңдар, егер де аманатына қиянат жасап бұзықтық қылсаңдар, Алла тағала сендерден кегін алады». Ерлі-зайыптылардың алдында бір-біріне деген хақылары бар екендігін осыдан білуге болады. Ер адамға әйелді зайыбы ретінде пайдаланса да, пайдаланбаса да әйелінің нәпақасы уәжіп болады. Ол әйел бай болсын, мейлі кедей болсын және ол мұсылман болсын жоқ кітап иелерінен болсын, әйелінің соңынан келген қызметшісі болса, оның да напақасын беру еркекке міндеттеледі. Егер де ер адам бай әйел алып, оны асырай алмай, әйелі өзі ақшасына күнін көрсе, сол жұмсаған ақшасы еріне қарыз болып келеді, себебі Алла тағала Құран-Кәрімде анық бізге баян етті. «Отағасына ризығы, киімі және үйі уәжіп болады». Отағасына ризығы уәжіп деген сөзден біз әйелі нені қаласа соны әпереді деп түсінбеуіміз керек, күйеуінің шама-шарқына қарайды. Егер енесімен тағы да басқа туысымен бірге тұрғысы келмесе, және солардан бір қиындық келіп жатса, күйеуінен бөлек үй сұрауға әйелдің хақысы бар, ондай болған жағдайда қорғауы керек. Бір күнәлі істерге апармайынша әйелдің кейбір мінезінің кемшіліктеріне көңіл аудармауы керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Сендердің жақсыларың — отбасына жақсы қарағандарың»-деді. Жақсы әйел ерінің рұқсатынсыз үйінен шықпайды.

Тек қана 7 жерге ерінің рұқсатынсыз шыға алады:

1.  Ата-анасын көруге;

2.  Ата-анасы ауырып, солардың қалын білуге;

3.  Жақын туысы қайтыс болса;

4.  Туған бауырларын көруге;

5.  Әйелдерді босандыратын болса;

6.  Мәйіт жуатын болса;

7.  Біреуге қарыз болса, әлде оған біреу қарыз болса.

Бірде Омар (р.а.) патшаға бір кісі келіп, әйелінің үстінен арыз айтпақшы болады. Сол кезде Омар патшаның әйелі ол кісіні қайтармақшы болғанда, „менің басымдағы бар сынақ Омарда да(р.а.) бар„-дейді әлгі кісі. Осы әңгімені естіген Омар (р.а.) әлгі кісіні шақырып алып, не себепті келгенін сұрады. Оның арызын естігеннен кейін, Омар (р.а.) оған: „Мен әйеліме кешіріммен қараймын, себебі оған қарыздармын: біріншіден-әйелім менімен тозақтың арасындағы перде, соның себебінен мен басқа әйелдерге қарамаймын. Екіншіден-менің қазынашым, себебі мен үйден кеткенде үйімді қарап қорғап отырады. Үшіншіден-менің киім-кешегімді жуады. Төртіншіден- бала-шағама қарайды. Бесіншіден-тамағымды даярлайды. Осыны естіген әлгі еркек: „менің де әйелім осы қызметті істейді, ал неге мен оны кешірмедім„-деп, болашақта әйеліне кешіріммен қарайтынына уәде беріп кетеді.

Бұрын өткен үлкен ғұламалар әйелдерінің жаман мінездерін көтеретін болған. Сондай ғұламалардың бірі Шақиқ ибн Ибраһимге „сіз неге мына жаман әйелді тастамайсыз, сізді әрдәйім ұятқа қалдырады„ дегенде, жауабына: „ертең бір сабыры жоқ кісіге тұрмысқа шыға ма деп қорқамын және мен өзімді жаман адаммын деп ойлаймын, мен жақсы болсам ол да жақсы болар еді„- деген екен. Кейбір ғалымдар әйелінің бір ісіне сабыр етсең 20 бәледен құтыласың деген, яғни, сабыр қылмай, ашуландырсаң балаңды ұрады, сиыр сауса бұзауды ұрады, сүт ішем деп келген мысықты лақтырады, кір жуса киіміңді жыртады, келген қонағың қашады. Егер мінезі күннен- күнге жаман бола берсе, оны жауырының ортасынан ұрып мына дұғаны оқу керек «ايها الرجيم الخبيث المخبث اخرج من جسد طيب ». «Әййюһа-ррожиимул-хобисул-мухбису ухруж мин жасадин тоййбин»

Қадірменді жамағат! Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының тікелей тапсырмасына сәйкес, ерлі-зайыптылардың өзара жауапкершілігі, демографиялық өсім сынды мәселелерді назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Себебі, 1998 жылдан бастап, қыркүйек айының екінші жексенбісі елімізде „Отбасы күні„ деп жарияланған.

 

Араб тілінен аударғандар: Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары: Бекболат Зүлжаладдинұлы, Дархан Асылтайұлы.

http://www.ihsan.kz

Оқылды 1013 рет
JoomShaper
Top