Қазалыда «Алла» және «Мұхаммед» деген жазуы бар қозы туды (ФОТО)

Дүйсенбі, 13.02.2022

Астана. 13 ақпан. E-ISLAM – Қызылорда облысы, Қазалы ауданында бір бүйірінде «Алла» және «Мұхаммед» деген жазуы бар қозы өмірге келді, деп хабарлайды qazaly.kz сайты.

«Қазалы қаласында тұратын Азамат Нұрмахановтың шаңырағында бір бүйірінде «Алла», бір бүйірінде «Мұхаммед» деген жазуы бар қозы туылыпты.

«Кешқұрым мал өрістен қайтқан соң қораға кірсем, буаз аналық қой толғатып жүр екен. Бұл қалыпты жағдай болған соң, еш алаңдамастан үйге кіріп кеттім. Таңға жуық қораға келсем, мал төлдеп, қозы туыпты» дейді Азамат Еділұлы.

Жаңа туған қозының денесіндегі ақ белгіні байқаған ол таңғажайып жазуды бірден Қазалы қаласындағы «Жиеналы Ахун» мешітінің имамы Болатбек Наурызбековке көрсеткен. Имам қозының үстіндегі «Алла және Мұхаммед» деген жазуларды оқыпты.

«Бұл жағдай Алла Тағаланың бір, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хақ, Құран Кәрімнің шын екенін айғақтайды. Бір бүйірінде «Алла», екінші бүйірінде «Мұхаммед» деген жазуы бар қозының Сыр өңірінде алғаш рет қасиетті Қазалы жерінде тууы кездейсоқтық емес. Бұл топырақ киелі жер. Уақытысында бұл жерде жүз мешіт болған» дейді Түктібаев ауылындағы «Орынбет ишан» мешітінің бас имамы Ғабдулла Ізат.


Оқылды 371 рет
JoomShaper
Top