Қайсысы артығырақ?

Дүйсенбі, 13.02.2022

Бір күні Алла елшісі (с.а.с.) мешітке кіріп, ол жерден құлшылықтағы екі топты көрді.

Біреулері Алланы зікір етіп, дұға оқуда, ал екіншілері фиқһ пен дін үкімдерін үйреніп жатыр екен. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) жанындағыларға қарап:

– Бұл екі топ та қайырлы іспен шұғылданып отыр. Бірақ біреуінікі екіншісіне қарағанда көш ілгері. Артығы қайсысы десеңдер айтарым: мен бұл өмірге ұстаз болып жіберілдім. Лайықты түрде құлшылық істеу үшін Алланы шамамыздың келгенінше тануымыз керек, – деді де бір-біріне фиқһ пен дін үкімдерін үйретіп жатқан кісілердің жанына барып отырды. 

Құдайберді БАҒАШАР 

Оқылды 369 рет
JoomShaper
Top