Халыққа әділдік жарасады

Сейсенбі, 08.11.2021

Аббаси әулетінің халифасы Абдулла бин Мұхаммед бин Әли Әбу Жағфар Мансур (Алла оны рақымына бөлесін) баласы Маһдиге:

«Расында, халифаға тақуалық жарасады, билікке бойұсыну жарасады, халыққа әділдік жарасады. Адамдардың ішінде кешірімге ең лайықтысы жазалауға күші жеткені, ең ақылсызы өзінен төменге зұлымдық еткені.
Балам! Нығметті шүкіршілікпен баянды ет, күшіңді кешіріммен баянды ет, бойұсынуды достық қарым-қатынаспен баянды ет, ал жеңісті адамдарға мейірімділікпен және кішіпейілділікпен баянды ет. Дүниедегі несібеңді ұмытпа және Алла рақыметіндегі несібеңді есіңнен шығарма», – деген екен.
Бұл әңгіме Ибн Касирдің «әл-Бидая уән-Ниһая» кітабынан алынды.

Дайындаған
Мұхаммед Ибраһим, 
исламтанушы

Оқылды 156 рет
JoomShaper
Top