«Дін және тарих тағылымы» жылына орай жүзеге асатын игі жобалар мен іс-шаралар жоспары мынадай:
1. Діни һәм тарихи кітаптар шығару;
2. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстардағы, аудандардағы өкілдіктерінде «Дін және тарих тағылымы» атты конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;
3. ЮНЕСКО-ның 2016 жылды Ясауи жылы деп жариялауына орай, Қожа Ахмет Ясауидің өнегелі өмірі мен шығармашылығына арналған халықаралық конференция ұйымдастыру;
4. Қазақ даласынан шыққан дін қайраткерлері мен тарихи тұлғалар туралы, олардың діни туындыларына арналған деректі фильмдер мен зерттеу мақалалар, очерктер жариялау;
5. Бұқаралық ақпарат құралдарында «Дін және тарих тағылымы» атты бағдарламалар мен хабарлар ұйымдастыру, осы бастаманы халыққа жан-жақты насихаттау, т.б. игі жобаларды жүзеге асыру.