Елбасы: Исламды терроризммен байланыстыруға қарсы күрес жүргізуіміз керек

Сенбі, 27.02.2022

Астана. 27 ақпан. E-ISLAM – Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисидің Қазақстанға жасаған ресми сапарындағы екіжақты кездесу кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Елбасы екі ел де исламофобияның таралуына, дініміздің терроризммен және жиһадпен байланыстырылуына  қарсы күш-жігер жұмылдыруға ниетті екенін атап өтті. «Біз халықаралық терроризм мен экстремизмге, қылмыстың басқа да түрлеріне қарсы күресте тығыз ынтымақтастық орнатуға әзірміз. Елдеріміз Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің платформасын мұсылман мемлекеттерінің бірлігін сақтайтын, дініміздің толеранттылығы мен бейбітсүйгіштігін көрсететін шара ретінде қолдануға уағдаласты» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Египет Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси екі мемлекеттің бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған өңірлік және халықаралық саясат мәселелеріндегі ортақ ұстанымдарын көрсеткенін айтты.

«Екіжақты ынтымақтастықта терроризмге қарсы іс-қимыл мен діни саладағы өзара ықпалдастық айрықша орын алады. Бұл мәселелерде біздің елдеріміз өзге әлемге жақсы үлгі болып табылады» деді Мысыр Президенті.

Оқылды 279 рет
JoomShaper
Top